"Әлем барысында" Қазақстанның бір балуаны жарыстан шығып қалды

778

"Әлем барысында" Қазақстанның бір балуаны жарыстан шығып қалды

"Әлем барысында" қазақстандық балуан Дәурен Нұралиновты жеңген өзбекстандық балуан Мухсин Хисомиддинов Айбек Нұғымаровпен кездессе, Еламан Ерғалиев украиналық балуанмен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айбек пен Мухсиннің күресі тартысты басталды. Тіпті біртұста өзбек балуаны Айбекті әдіске салғандай көрінген. Алайда төрешілердің шешімімен Мухсинге бүк ұпай беріліп, кездесу ары қарай жалғасты. Шымыр ұстасқан қос балуанның сайысында Айбек есепті теңестіріп те алды. Сайыстың соңына қарай тағы бір ұпайды иеленген Айбек Мухсинді қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды.

Келесі кезекте қазақтың тағы бір мықтысы Еламан Ерғалиев Украинаның мықтысы Антон Рудниктің жауырынын жер иіскетті. Жартылай финалда Еламан Ерғалиев Айбек Нұғымаровпен кездесетін болды.

Еске сала кетсек, елордадағы "Барыс Аренада" бүгін қазақкүресінен "Әлем барысы" додасы өтіп жатыр. Тартысты бәсекеде Қазақстанның бір балуаны Дәурен Нұралинов жарыстан шығып қалды. Ал қалған төрт балуан ЕржанШынкеев, Еламан Ерғалиев, Айбат Сейтен сүрінбей келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу