"Алғашқы кар" шаңғы жарысы өтеді

1913

Байқауға кез келген адам қатыса алады. Тіркеу кезінде жеке куәлік пен дәрігердің рұқсатын көрсету қажет.

 "Алғашқы кар" шаңғы жарысы өтеді

Елордада қысқы спорт маусымы шаңғы жарысымен ашылады. Жарысқа кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

15 желтоқсанда Орталық саябақта орналасқан шаңғыроллер трассасында "Алғашқы кар" шаңғы жарысы өтеді. Жарысты елордалық мәдениет және спорт басқармасы, әкімдіктің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы, № 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және "Қазақстан Шаңғы жарысы ұлттық федерациясы" ҚҰ ұйымдастырады. 

"Негізгі мақсат – мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттау және халықты дене шынықтыру мен спортқа жаппай тарту, шаңғы жарысын танымал ету, бұқаралық спортты дамыту", – деп мәлімдеді мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу