2018 жылдың 12 сәуірінен бастап "Алма Телекоммуникейшенс Қазақстан" АҚ-ның ("Алма ТВ") бар мүлкіне арест қойылды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
KASE сайтында хабарланғандай, "АлмаТел Қазақстан" АҚ кассасына түсетін ақшалай қаражатқа, компанияға тиесілі жылжитын және жылжымайтын мүлікке және екінші деңгейлі банктердегі өзге де қаражаттар мен мүліктеріне арест қойылды. Тыйым салынған мүлік құны - 2 180 388 000 теңгені құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу