"Алматы халықаралық әуежайына" жаңа басшы келді

1415

"Алматы халықаралық әуежайына" жаңа басшы келді

"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ-ның диреректорлар кеңесі "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Айбол Бекмұхамбетовтың өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш беруіне байланысты, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Алматы әуежайы Facebook-тегі өзінің ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Айбол Бекмұхамбетов Алматы халықаралық әуежайын 2009 жылдан бері басқарып келген. Ол 1962 жылы 1 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген,  Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесін бітірген, техникалық ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын 1983 жылы нұсқаушы ұшқыш қызметімен бастаған, әр жылда "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ, "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ және "Астана халықаралық әуежайы" АҚ басшысы болған. "Құрмет" (2002 ж.), "Достық" II степени (2007 ж.), "Парасат" (2011 ж.) ордендерінің иегері. Азаматтық авиацияға еңбегі сіңген қызметкер (2007 ж.).

"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті лауазымына 2018 жылдың 12 маусымынан бастап Ержанов Болат Қалиұлы тағайындалды. Ол бұған дейін "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ-ның Тасымалдауды ұйымдастыру бойынша атқарушы директоры қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу