Алматыда "Алматы қаласы жастарының дельфий ойындары-2017" байқауы аяқталды. Байқауға 300-ге жуық жас қатысты. Бұл туралы 7kun.kz хабарлайды.
14-25 жас аралығындағы жастар өнердің 17 түрінен өзара бақ сынасты.
Қазақстан Ұлттық дельфий ойындарын биыл он үшінші рет өткізді. Ойынның мақсаты жас таланттарды тауып, оларды қолдау, өскелең ұрпақ арасында мәдени мұраны насихаттау, оларға рухани, эстетикалық тәрбие беру, мәдениетаралық диалог пен ұлттық өнердің дамуына ықпал ету.
Әртүрлі бағытта өнер көрсеткен қатысушылар скрипка, киім дизайны, домбыра жанры, фотосурет, бишілік сынды өнер түрлері бойынша бақ сынасты .
Енді аталған жеңімпаздардың барлығы Алматы қаласының намысын — республикалық ұлттық дельфий ойындарында қорғайтын болады. Ұлттық дельфий ойындарында жеңіс тұғырынан көрінген жастар халықаралық дельфий ойындарында еліміздің атынан өнер көрсетеді.