"Алматы Туры-2018" көпкүндік веложарысының бірінші кезеңі аяқталды

746

Бүгін веложарыстың екінші кезеңі басталады. 

"Алматы Туры-2018" көпкүндік веложарысының бірінші кезеңі аяқталды

Astana Pro Team велошабандозы Давиде Виллела "Алматы Туры-2018" көпкүндік веложарысының бірінші кезеңінде жеңіске жетті. Жарыс атақты велошабандоз Андрей Кивилевқа арналды, деп хабарлайды ақпараттық-спорттық ХАБ.

Ол мәреге 4 сағат 9 минут және 35 секундта жетті. Ал, екінші болып 35 секундтан соң американдық спортшы Симон Пеллауд (Team Illuminate) келсе, Албания өкілі Пиерпало Фикара (Amore&Vita - Prodir) үшінші орынға ие болды. Тағы бір астаналық Луис Санчес төртінші келді.

Бірінші кезең Астана алаңында әр елден келген 19 клубтың қатысуымен басталып, осы жерде аяқталды. Қатысушылар 182 шақырымды бағындырды. Қазақстан атынан 4 команда қатысып, олардың арасында алғашқы рет алматылық Apple Team өнер көрсетті. Олар қазақстандықтардың арасында үшінші орынды иеленді.

Енді, бүгін, 30-ші қыркүйек күні веложарыстың екінші кезеңі басталады. Командалар Halyk Arena көпфункционалды кешенінде сағат 11:00-де жарысты бастап, Медеуде аяқтайды. Бағыт қашықтығы 160 шақырымды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу