"Алматы жастары" бағдарламасына 100 адам қатысатын болды

2485

"Алматы жастары" бағдарламасына 100 адам қатысатын болды

"Алматы жастары" бағдарламасының шарты бойынша іріктеуден сәтті өткен 100 адам анықталды, деп хабарлайды abctv.kz.

"Алматы Жастары" тұрғын үй бағдарламасын іске асыру шеңберінде "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ  арқылы тұрғын үй алуға Алматы қаласының жастарынан 2017 жылғы 23 қазан мен 3 қараша аралығында өтініштер мен құжаттар қабылданған болатын. Қабылданған құжаттар арсынан бағдарлама талабына сай келетін 100 жастың өтініші іріктеліп алынды. Тізім www.almaty-zhastary.kz порталына орналастырылды.

Еске сала кетсек, осы жылдың 18 қазанында Алматы әкімдігінде "Тұрғынүйжинаққұрылысбанкі" АҚ мен қаланың Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, жастарға арналған "Алматы Жастары" атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы барысында 35 жасқа дейінгі алматылықтар жеке пәтерге ие болу үшін жеңілдетілген заемге қол жеткізеді.
Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде. Көлемі 10 млн теңгеге дейінгі несие жылына 5%-бен беріледі. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі (3-25 жыл) төлем қабілетіне қарай жеке жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу