Қазақтың "Алтын адамы" Еуропада. Польшада Қазақстанның "Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнердің жауһарлары" атты бірегей көрме ашылды, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл біздің экспонаттардың Еуроодақ аумағында алғаш рет көпшілік назарына ұсынылуы.
Гданьск мұражайына келушілердің қатары қалыңдаған. Себебі еуропалық мәдениет орталығы Қазақстанның маңызды тарихи экспозициясын алғаш рет қабылдап отыр. Басты экспонат - 20-ғасырдың археологиялық сенсациясы саналатын - Алтын адам. Бұл Тутанхамоннан кейінгі 4 мың алтын бұйым табылған екінші олжа. Польша тұрғындары бұл жайлы естігенімен көрген емес.
"Бұл экспозиция мұражайдың заманауи бөлмесіне қойылды. Онда тек халықаралық деңгейдегі бірегей дүниелер ұсынылады. Бұның өз мағынасы бар. Біріншіден екі ел арасындағы серіктестіктің жемісті екендігін білдірсе, екіншіден, Польшаның Ұлы даланы мекендеген халықтар - сармат, скифтермен ортақ тарихы көп", - дейді Гданьск мұражайының директоры Вальдемар Оссовски.