"Алтын белгі" иегерлері грантсыз қалмайды

1400

"Алтын белгі" иегерлері грантсыз қалмайды

Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік білім гранттарын беру жөніндегі республикалық комиссия мүшелері, ҚР білім және ғылым министрлігі мен ата-аналар өкілдерінің қатысуымен баспасөз маслихаты болып өтті, деп хабарлайды ОКҚ.

 ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланғаны туралы мәлімдеді.  

"Биылғы білім гранттары талапкерлердің таңдаған мамандықтарына қойылған талаптарға сәйкес тапсырған тестілеу барысында алған баллдары бойынша, сондай-ақ заңнамада бекітіліп, жеңілдік беретін ауыл квоталары мен басқа да категориялар бойынша бөлінді. Грант иегерлерінің толықтырылған тізімі "Алтын белгі" иегерлеріне берілетін басымдық факторын ескерусіз жасалды.

13 тамызда өткен Мемлекеттік білім гранттарын беру жөніндегі республикалық комиссияның отырысына "Атамекен" КҰП, білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақтарының, ЖОО ассоциациясының, сондай-ақ ата-аналар қауымының өкілдері қатысты. Ұлттық тестілеу орталығында ата-аналар өкілдері гранттарды бөлетін автоматтандырылған жүйе жұмысымен таныстырылды. Олар гранттарды бөлу процессінің ашықтығына және онда адами фактордың жоқтығына көздерін жеткізді.

Алайда, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, "Алтын белгі" иегерлеріне білім гранттары тиесілі болғандықтан, республикалық комиссия бұл санаттағы талапкерлерді гранттармен университеттердің, сондай-ақ білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі қаражаттары есебінен қамтамасыз етілетіндіктері жөніндегі шешімге келді (бөлек тізіммен газеттердің соңында жарияланып отыр). Нәтижесінде гранттар тізімі 3,5% немесе 1487 грантқа ұлғайтылып отыр.  Бұл "Алтын белгі" иегерлерінің білім деңгейінің негізінен жоғары екендігінің тағы бір көрсеткіші. Алайда "Алтын белгі" иегерлері грантсыз қалдырылмайды.

Сонымен қатар БҒМ заңнаманы жетілдіру жұмыстарын жалғастырады.  Біз алдағы жылдарда білім гранттарының тек тестілеу нәтижелері мен  заңның ауыл квоталары бойынша, жетім балаларға, мүгедектерге және басқа да жеңілдік берілетін санаттағыларға бөлінеді деп үміттенеміз.

Министрлік алдағы аптадан бастап түлектері "Алтын белгі" иеленіп, ҰБТ барысында төмен нәтиже көрсеткен мектептерде тексеру жұмыстарын жүргізе бастайды. Бұл тексерістердің нәтижесі түлектерге әсері болмайды. Алайда, белгіні тағайындау барысында құжаттарды бұрмалау  фактілері анықталған жағдайда мектеп басшылығына қатаң шаралар қолданылады. 

Мемлекеттік гранттарды беру бойынша сұрақ туындаған жағдайда Ұлттық тестілеу орталығында жұмыс жасап жатқан қоғамдық қабылдау және "қауырт желі" арқылы жауап алуға болады. Толық ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында деп мәлімдеді Г. Көбенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу