Еуропаның спорттық басылымдарының қауымдастығы "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессиге "Алтын бутсы" табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Месси 2017/18 маусымындағы Еуропаның ең үздік бомбардиры атанды. Өткен маусымда аргентиналық футболшы премьер-лиганың 36 матчында 34 гол соқты. Аталмыш марапат үшін бақталаста ол мысырлық Мохамед Салахтың алдын орап кетті.
Мохамед Салах премьер-лиганың 36 кездесуінде 32 рет гол салды. Лионель Мессиге "Алтын бутсы" бесінші рет табысталып отыр. Бұған дейін марапатты 2009/10, 2011/12, 2012/13 және 2016/17 маусымдарда алған болатын.
Месси "Алтын бутсы" сыйлығын ең көп иеленген футболшы. Екінші орында – "Ювентус" сапында ойнап жүрген Криштиану Роналду. Оның еншісінде 4 жүлде бар.