"Алтын допқа" үміткер бес футболшылының есімі белгілі болды

868

"Алтын допқа" үміткер бес футболшылының есімі белгілі болды

Франциялық France Football өзінің ресми твиттерінде "Алтын допқа" үміткер футболшылардың есімдерін жариялай бастады. Бүгін басылым әлемнің үздік футболшысы атағына үміткер бес футболшының есімі белгілі болды,  деп жазады Qsport.kz порталы. 

Басылымның таратқан ақпараты бойынша, алғашқы бес футболшының қатарында "ПСЖ" шабуылшысы Неймар, "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич, "Ювентустің" шабуылшысы Пауло Дибала, "Реал" қорғаушысы Марсело және "Челсидің" жартылай қорғаушысы Н’Голо Канте бар. 

2016/17 жылғы маусымдағы "Алтын допқа" үміткер футболшылардың толық тізімі бүгін, Астана уақытымен 01:00-де белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу