"Алтын Орда" базарының тұсындағы автожол 10 жолақты болады

726

"Алтын Орда" базарының тұсындағы автожол 10 жолақты болады

Алматы-Бішкек тасжолының 4 шақырымдық бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Ол қазіргі 4 жолақтан 8-10 жолақты болып кеңейтілмек, деп хабарлайды khabar.kz.

Қазір бұл жерден тәулігіне 52 мыңнан астам көлік өтсе, жолақтар көбейген кезде олардың қатары 70 мыңға дейін ұлғаяды. Құрылыстың жалпы құны 9 миллиард теңгеден асады. Бастапқы жұмыстарға оның 3-тен бірі бөлініп отыр.

"Құрылыс мерзімі 2017 жылдың қараша айынан басталып, 2020 жылдың шілде айына дейін қарастырылған. Енді біздің жоспарымыз бойынша, біз 2019 жылдың соңына дейін жол қозғалысын ашып, құрылыс жұмыстарын аяқтауға тырысамыз", "Қазавтожол" АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу