"Алтын сақа" республикалық турнирі өтеді

4182

"Алтын сақа" республикалық турнирі өтеді

Астанада 1 желтоқсанда "Сарыарқа" велотрегінде  Тұңғыш Президент күніне орайластырылған гран-при "Алтын сақа" республикалық турнирі өтеді.

Бұл жарыс дәстүрлі түрде екінші рет өткізіліп отыр. Жарысқа асық ату спортынан Қазақстан құрама командасының, облыстық командалар мүшелері және ойынға қызығушылық танытқан дайындығы және медициналық анықтамасы бар спортшылар қатысады.

Жарыс бестабан (ерлер), бес асық (қақпақыл) (әйелдер) ережесі бойынша өтеді.  Жарысқа еліміздің өңірлерінен келген ҚР асық атудан бірнеше дүркін чемпиондары, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары қатысады деп күтілуде. Жарысқа медициналық анықтамасы бар 17 жастан асқан спортшылар қатыстырылады. Жүлде қоры – 2 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу