"Алтын сапа" сыйлығының арнайы аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды

1240

"Алтын сапа" сыйлығының арнайы аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды

Астанада елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жыл сайын ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы президентінің "Алтын сапа" сыйлығының марапттау рәсімі өтті, деп хабарлайды atameken.kz.

Қазақстан Республикасы президентінің "Алтын сапа" сыйлығы жылдың айтулы шарасы. Биыл бұл байқауда 101 компания бақ сынады.

ҚР президентінің арнайы "Алтын сапа" сыйлығының қосымша лауарет атауын "Үздік индустриялық жоба" аталымында Павлодар облысының "Giessenhaus" ЖШС алды. Жоба жетекішісі, бас директоры – Эдуард Швец.

Ал "Үздік инновациялық жоба" номинациясы Қарағанды облысының "Recycling Company" ЖШС компаниясына берілді. Жоба жетекішісі, бас директор – Александр Рябинин.

"Сапа үздігі" аталымында Жамбыл облысының "Казфосфат" ЖШС компаниясы үздік деп танылды. Басқарма төрағасы – Мақсұтбек Есенов.

Қызылорда облысындағы "Абзал и Компания" ТС "Азық-түлік және/немесе ауылшаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын" аталымында үздік болып  танылды.

Айта кетелік, ҚР президенті "Алтын сапа" сыйлығы байқау негізінде  талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi. 2015 жылдан бастап байқауларды "Атамекен" ҚР кәсіпкерлердің ұлттық палатасы ұйымдастырып келеді. ​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу