10-25 қараша аралығында Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының "Алжир" мемориалды-мұражай кешені келушілер үшін жабылады. Мекемеде реконструкция және "Алжир" залының экспозицияларын жаңарту жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы.
Реконструкция және реставрация жұмыстары барысында материалдармен толықтыру, "АЛЖИР" мұражайы қорынан ХХ ғасырдың 30-50 жж. мұрағат құжаттар, фотосуреттер, заттар негізінде экспозиция жасау, мультимедиялық экран мен интернетке қосылған сенсорлық панельмен басқарылатын қондырғыларды орнату және монтаждау, ескі шыны витриналарды демонтаждау, электромонтаждау жұмыстары жасалады. Орнатылған витриналардың дизайнын ескере отырып, келушілер демалатын қосымша конструкциялар дайындалады, бөлмелерге арналған қосылу мен ажырату үшін автоматты датчигі бар аудиосүйемелдеу орнатылады.