"Әміре" фильмі Голивуд кинофестивалінің бас жүлдесіне ие болды

819

Фильм қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайды.

"Әміре" фильмі Голивуд кинофестивалінің бас жүлдесіне ие болды

Қазан айының 23-і мен 28-і аралығында Лос-Анджелес қаласында өткен Hollywood Film Festival кинофестивалінің халықаралық байқауының ақтық сайысында "Әміре" фильмі Best Global Hollywood Film жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды kazakhfilmstudios.kz.

Қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайтын фильмді мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ  "Dar Play" компаниясымен бірлесе түсірген.

Айта кетсек, фестивальдің алғашқы кезеңінде Silver Screen Award жүлдесіне үміткерлер қатарына байқауға қатысатын әр елдің бірнеше фильмдері ұсынылған болатын.  Бұл кезеңде Қазақстан атынан алты бірдей кинотуынды – үш толықметражды және үш қысқаметражды фильмдер қарастырылған.  "Әміре" картинасымен қатар Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы жарыққа шығарған үш фильм бақ сынады, олар: толықметражды фильмдер байқауында Төлеген Байтөкеновтың "Саташ" фильмі және Елжас Рақымбековтың "Эль Фриман" картинасы, ал қысқаметражды фильмдер бөліміне Берік Жахановтың "Асан" фильмі қатысты. Бұл фестивальде "Әміре" фильмін режиссер Джефф Веспа таныстырды.

"Фестивальдің қатысушылары өз фильмдерімен мақтана алады, өйткені  2018 жылдың фильмдері жоғарғы дәрежеде түсірілген", - деді  Hollywood Film Festival президенті Брэд Паркс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу