"Әміре" фильмінің операторы Грузияда өткен фестивальде арнайы жүлдемен марапатталды

808

 Кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайды. 

"Әміре" фильмінің операторы Грузияда өткен фестивальде арнайы жүлдемен марапатталды

"Әміре" фильмінің операторы Максим Осадчий ("9 рота", "Сталинград") Тблисиде қыркүйектің 27-сі мен 28-і аралығында өткен Golden Eye ("Алтын көз") атты халықаралық кино және телеоператорлар фестивалінде Panasonic компаниясының арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ аталған кинотуынды фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың сәуір айында жалпыұлттық прокатқа шыққан кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайды. Фильмді мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және Әлидар Өтемұратовтың "Dar Play" компаниясымен бірлесе түсірген.

Инновациялық технологиялардың Халықаралық қоры ұйымдастырған ең танымал іс-шаралардың бірі – Golden Eye кинофестивалі Грузияда 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған кинофестиваль кино-және телеоператорларға баршама қолдау көрсетіп, олардың кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу