Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмі осы күзде АҚШ-тың кинотеатрларында прокатқа шығады. Бұл туралы режиссер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды elorda.info.
"Достар, WWMPC "Анаға апарар жол" фильмін АҚШ аумағында тарату құқығына ие болғанын қуанышпен жеткіземін. Осы күзде біздің фильм АҚШ кинотеатрларында прокатқа шығады", - деп жазды Ақан Сатаев Facebook желісіндегі парақшасында.
Ақан Сатаев фильм сюжетінің негізі ретінде бірнеше күрделі тарихи кезеңдерді қолдана отырып, Қазақстан халқының бұрынғы өмір сүруің көрермендерге баяндайды. Бұл дәуір ұжымдастыруды, халыққа қайғы әкелген жұтты, Ұлы Отан соғысты мен соғыстан кейінгі Қазақстанның қиын кезеңдерін сипаттайды.
Жалпы бұл фильм баланың анаға махаббатың және ананың балаға махаббатың көрсетеді. Ананың күшті махаббаты, бас кейіпкерге аман қалу, ауыр сынақтарды жеңе алу және аман есен үйге келу көмектесті.
Фильмның басты кейіпкері Ілияс орыстардың арасында жүріп Илюха болып кетеді. Бірақ, осыншама азаптан, қиындықтан өтсе де ол анасына апарар жолдан көз жазып қалмайды. Сол жылдар ішінде ол үйіне, анасына оралып, ұлын көрем деген үмітін жоғалтпайды. Ілияс, керемет батырлықты, батылдықты, адалдықты және патриотизмді көрсетеді. Ол көптеген қиыншылықтармен кездеседі. Фильмның аяғында ол анаға оралады. Фильм өмір құндылықтарды құрметтеуге мен өмірге көз қарасын өзгертуге көмектеседі.
Басты рөлді Әділ Ахметов пен Алтынай Нөгербек сомдады.