"Арайлы Ақтөбеден — Айбынды Астанаға!" автоэкспедициясы жолға шығады

738

"Арайлы Ақтөбеден — Айбынды Астанаға!" автоэкспедициясы жолға шығады

Астананың 20 жылдығына Ақтөбеден Астанаға "Арайлы Ақтөбеден — Айбынды Астанаға!" автоэкспедициясы жолға шығады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл шара облыстық "Актюбинский вестник" газетінің 100 жылдығына орайластырылып отыр.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстары арқылы өтетін маршруттағы экспедицияның мақсаты — астананың 20 жыл ішіндегі жетістіктерімен танысу, еліміздің және астананың дамуына ауқымды үлес қосқан танымал ақтөбеліктермен кездесулер ұйымдастыру болып табылады.

Экспедиция мүшелері Қазақстан Тұңғыш Президентінің кітапханасында болып, танымал астаналықтармен, интеллигенция өкілдерімен және астаналық басылымдардағы әріптестерімен кездеседі, Тұңғыш Президент музейі экспонаттарымен танысады, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің журналистері музейге Ақтөбе облысы туралы барлық ақпараттар жинақталған "Ақтөбе - құтты мекен" энциклопедиясын және "Ақтөбе" журналын сыйға тартады.

"Ақтөбе Медиа" ЖШС экспедициясының мүшелері, сондай-ақ "Астана ақшамы" газеті редакциясында болып, шығармашылық байланысты дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қояды.       

Облыстық "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жыл басында Астана құрдастарының арасында "Астана — арман қала" - "Астана – город мечты" атты байқау жарияланған болатын. Байқау қорытындысы Астана күні қарсаңында шығарылып, жеңімпазға Астана қаласына барып-қайтуға жолдама беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу