"Аралсода" БК Қызылорда облысындағы Арал қаласында салынып жатқан кальцилендірілген сода өндіретін зауыттың құрылысын 2021 жылы аяқтауды көздеуде. Бұл туралы облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" хабарлады.
Басқарманың дерегінше, жобаның құны 93,5 млрд теңгені құрайды
Зауыттың қуаттылығы жылына 300 мың тонна. Кәсіпорын өз өнімімен елдегі сұраныстың 75 пайыз жабуды көздейді. "Аралсода" өнімді Ресей мен Қырғызстанға экспорттамақшы.
Айта кетейік, "Аралтұз" құрылысы жөніндегі жобаны жүзеге асыру шеңберінде қытайлық "Хайси Дэшен Сода Саласы" трансұлттық компаниясымен "Аралсода" Қазақстан-қытай бірлескен кәсіпорны құрылған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу