"Аралтұз" АҚ өнімі Ресей нарығындағы ас тұзының 12 пайызын жаулап алды

1538

"Аралтұз" АҚ өнімі Ресей нарығындағы ас тұзының 12 пайызын жаулап алды

Қызылорда облысында "Аралтұз" АҚ өнімінің 60% жуығы экспортқа шығарылады, деп хабарлайды КазТаг.

"ИИДМБ (индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы) аясында жаңартылғаннан кейін испандық технология бойынша жұмыс жасап жатқан "Аралтұз" АҚ комбинаты өз өнімінің  60%-ын шетелге жіберді. Соңғы 2 жылда ол Ресей нарығындағы ас тұзының 12% жаулап алды. Бұл Ресейде де ас тұзын үлкен көлемде өндіретініне қарамастан", - деді Қызылорда облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының бастығы   Ринат Сұлтангереев.
Сұлтангереевтің айтуынша, Қызылорда облысының ірі кәсіпорындары барынша экспортқа бағытталып келеді.
"Мәселен, егер бұрын өнеркәсіп нысандарын индустрияландыру каратсы аясында енгізілген өнімдер 8 елге жіберілсе, онда қазір ол 10 мемлекетке экспортталады.  2017 жылдың 7 айныдағы экспорт көлемі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда  81,2% артқан", - деп атап өтті облыстық басқарманың басшысы. 
Бұл ретте ИИДМБ екінші бесжылдығында Қызылорда облысында индустрияландыру картасы бойынша 24 жобаны іске қосу жоспарланған.   
"Соның ішінде бірнеше ірілері де бар, соның ішінде әйнек зауыты, каьциленген сода зауыты, Қытаймен біріккен цемент кәсіпорны" - деді  ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу