"Аралтұз" зауытының өндірісі 90 пайызға артты

1371

"Аралтұз" зауытының өндірісі 90 пайызға артты

"Аралтұз" зауытының өндірісі 90 пайызға артты, деп хабарлайды 24.kz. 

Ақпарат көзінің дерегінше, соңғы 4 жылда кәсіпорын жоғары өнімділікке жаңа технологияның арқасында қол жеткізіп отыр. Тұз өнімдерінің 20 шақты түрін шығаратын өндіріс ошағы нарық ауқымын кеңейтіп, экспорт көлемін еселеуді жоспарлап отыр. "Аралтұз" зауытындағы жаңғырту жұмыстары 4 жыл бұрын басталды. 2013-те испан технологиясымен жаңа желі өндіріске енгізілді. Кәсіпорында дәл осындай өнімділігі жоғары цехтың тағы бірі өткен жылы іске қосылды. 
"Аралтұз" өнімінің 60 пайызы Ресейге, 5 пайызы Қырғызстанға экспортталады. Қалған бөлігі ішкі нарыққа тиесілі. Биыл зауыт жылдық жоспарын 370 мың тоннаға жеткізбек. Сондықтан Иран, Қытай, Біріккен Араб Әмірлігі секілді елдерге де тұз саудалауды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу