"Арманға жол" марафонына қатысуға 1 мыңнан аса адам өтінім білдірді

1029

"Арманға жол" марафонына қатысуға 1 мыңнан аса адам өтінім білдірді

1 мыңнан астам адам 20 мамырда өтетін "Арманға жол" жартылай марафонына қатысуға тіркеуден өтті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан, Белорусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден қатысуға өтінім білдіргендер бар. 

"Арманға жол" жартылай марафоны Қарағандыда екінші рет өткізілмек. 
Жүгіруге қатысатындар Тәуелсіздік алаңынан бастау алады, сонан соң Нүркен Әбдіров даңғылы бойымен өтіп, Төлепов, Ленин көшелерімен және Бұқар жырау даңғылымен жүгіріп, Тәуелсіздік алаңына қайта оралады. 
Қатысушылар төрт қашықтықтың бірін таңдай алады: "Арманға жол", "Спутник", "Достық" немесе "Балапан". 
Ең ұзыны - "Арманға жол", оның ұзындығы 21 шақырымды құрайды. "Спутник" қашықтығы - 14 шақырым, "Достық" - 7 шақырым. Ұзындығы 2 шақырымды құрайтын "Балапан" қашықтығы 8-ден 14 жасқа дейінгі балаларға арналған. 
21 шақырымға жартылай марафондық жүгіріске қатысу үшін 2000 теңге көлемінде тіркеу төлемін жасау қажет. Қалған үш дистанцияны қатысушылар тегін жүгіріп өте алады. 
Жартылай марафонның бас жүлдесі - 1 миллион теңге "Арманға жол" жеңімпазына беріледі. Екінші орынды иеленген қатысушы 650 000 теңге, үшінші орын иегері - 400 000 теңге алады. Ал 300 000 теңге төртінші болып келген жүгірушіге, 200 мың теңге - бесіншіге және де алтыншы орын иеленген спортшыға 150 000 теңге табыс етіледі. 
"Спутниктен" бірінші болып келгенге 100 мың теңге сыйақы беріледі. "Достық" жүгірісі бойынша жеңімпаз атанғанға - 80 мың теңге, ал "Балапан" жүгірісінде басты жүлде - 50 мың теңге болады. 
Жартылай марафонға қатысу үшін тіркелу және толығырақ ақпарат алу үшін qazrun.kz, flakar.kz . сайттарына кіру керек. Тіркеу 18 мамырға дейін жалғасады. 
Өткен жылы "Арманға жол" бірінші жартылай марафоны Қарағандыда 5 мыңға жуық қатысушының басын қосты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу