"Арманға жолдың" 1 миллион теңге жүлдесі беларусьтік спортшыға бұйырды

1067

 "Арманға жолдың" 1 миллион теңге жүлдесі беларусьтік спортшыға бұйырды

20-шы мамырда Қарағандыда "Арманға жол" жартылай марафоны өтті. Қатысушылар Тәуелсіздік алаңынан бастау алды, жүгіріс стартын облыс әкімі Ерлан Қошанов берді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Биылғы жылы жартылай марафонға бес мыңнан астам адам қатысты, олардың арасында тек қарағандылықар ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның өзге облыстарының тұрғындары, сондай-ақ Украина, Қызғызстан және Белорусь Республикасынан қонақтар болды. 
Жүгірушілер төрт қашықтықтың бірін таңдады. "Балапан" деп аталатын бірінші дистанция 8-ден 14- жасқа дейінгі балаларға арналды. Оның ұзындығы 2 шақырымды құрады. Қалған үш қашықтық ересектерге арналған: "Достық" — 7 шақырым, "Спутник" — 15 шақырым және "Арманға жол" — 21 шақырым 97,5 метр.
Алғашқы болып стартқа жартылай марафонның ең жас қатысушылары шықты. Таңертеңгі 8.00-де қыздар жүгірді, сәлден кейін 15 минут өткен соң ұлдар бастау алды. Соңында нәтижелер бойынша орындар келесідей тағайындалды: қыздар арасында: бірінші орын - Виктория Шарова, екінші орын - Виктория Шимпф және үшінші орын - Наталья Лабецкая. Ұлдар арасында: бірінші орын – Степан Спасский, екінші – Дәулет Берікбол және үшінші – Владлен Иванов.
Балалар 30-дан 50 мыңға дейінгі көлемде ақшалай сыйлықтар алды. 
Ал жартылай марафонның бас жүлдесі - 1 миллион теңгені ерлер арасында белорусьтік споршы Владислав Прямов иеленді. Ол сонымен қатар трасса рекордын орнатты - 1 сағат 6 минут. 
Әйелдер арасында Қырғызстаннан келген Виктория Полюдина жеңімпаз атанды. 
"Арманға Жол" жартылай марафонын қарағандылық спорттық бренд деп атайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу