"АрселорМиттал Теміртау" АҚ маман дайындауға 60 миллион теңгеге жуық қаржы салады

750

 "АрселорМиттал Теміртау" АҚ маман дайындауға 60 миллион теңгеге жуық қаржы салады

Қарағанды облысының әкімдігінде өндіріс модернизациясына байланысты еңбек нарығындағы болжамды өзгертулер турасында жиын өтті. Жұмыс берушілермен кездесуге ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Тамара Дүйсенованың хабарлауынша, елбасының тапсырмасымен жұмыс тобы құрылған, оның құрамына министрлік және "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасының өкілдері енген. Оның сөзінше, республикамыздың 10 мың кәсіпорында сауалнама жүргізілген. Ондағы мақсат өндіріс модернизациясы қызмет саласына қалай әсер ететінін анықтау. 
Еңбек министрінің сөзінше, бұл аталмыш мәселеге қатысты аймақтағы ірі компания өкілдерімен болып отырған үшінші кездесу. Алдыңғы екеуі Астанада өткен. 

"Меніңше, нәтиже жақсы. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бойынша ешқандайда қысқартулар болмайды,- деді Тамара Дүйсенова журналистерге берген сұхбатында. – Бір айтарым, 2050-ші жылға дейін компанияның 6000 жұмыскері зейнет жасына жетеді. Бүгін біз олардың қандай маман екендерін және олардың орны қалай толтырылатыны жөнінде сөйлестік. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өзіне мамандарды даярлау үшін  Қарағандыдағы, Балқаштағы және Қаражалдағы үш колледжді өз басқаруына алмақ ниетте. Компания аталмыш колледждердің материалды-техникалық базасын жақсарту үшін 60 млн теңгеге жуық қаржы салуға дайын", - .деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу