"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап компания қызметкерлерінің тарифтері мен жалақылары 8-10% көтерілетін болады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ұжымдық келісімге сәйкес компания қызметкерлерінің жалақысы 2018 жылдың құнсыздану деңгейіне сай 50% шамасында индексацияланатын болады.
"Сіздер президентіміздің Қазақстандағы ең төменгі жалақының 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтерілетіні жайлы айтқанын білесіздер. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің алғашқы еңбек жолын металлург ретінде біздің комбинаттан бастағандығын мақтан тұтамыз. Біз мемлекет басшысының ең төменгі жалақыны көтеру жөніндегі бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдадық. Бұл шешім ұжымдық түрде қабылданды", - дейді "АрселорМиттал ТМД" компаниясының бас директоры Парамжит Калон.
Бұдан өзге 2019 жылдың 1 тоқсанында компания өзінің өндірістік нәтижелеріне сай 13 жалақыны төлейтін болады.
Парамжит Калон 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап "АрселорМиттал Теміртау" АҚ зиянды жұмыс жағдайында қызмет атқаратын қызметкерлер үшін жаңа ең төменгі жалақы көлемі салалық коэффициент есебімен 77 000 мыңнан астам теңгені құрайтын болады деп атап өтті.