"АрселорМиттал Теміртау" кенішіндегі қайғылы оқиғада жарақат алғандар тәуір болып келеді

832

"АрселорМиттал Теміртау" кенішіндегі қайғылы оқиғада жарақат алғандар тәуір болып келеді

Қарағандыда "АрселорМиттал Теміртау"  АҚ көмір департаментінің "Саранская" кенішіндегі қайғылы оқиғада жарақат алған төрт кеншінің бірі жұма күні үйіне шығады, деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" жазып отыр.

Баспасөз хатшысының ақпараты бойынша, қалған үш кенші ем алып жатыр

"Олардың біреуі жарақат бөлімшесіне ауыстырылды", – деді Айжан Иса.

Айта кетейік, оқыс оқиға 10 қарашада "Саранская" кенішінде орын алды.  Жұмысшыларды бір кеңістіктен екінші кеңістікке әкеле жатқан арбаның темір арқаны үзіліп кеткен.  Соның салдарынан 8 адам жарақат алып, оның төртеуі көз жұмса, төртеуі ауруханаға жатқызылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу