"АрселорМиттал Теміртау" комбинатындағы апаттың себептері айтылмай отыр

734

"АрселорМиттал Теміртау" комбинатындағы апаттың себептері айтылмай отыр

"АрселорМиттал Теміртаудың" өндірістік процессі 10 желтоқсанға қарай қалыпқа келтіріледі деп жоспарлануда, деп хабарлайы өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатындағы қалыпқа келтіру жұмыстарының барысымен танысып қайтты. Аймақ басшысын 10 қарашада орын алған апаттың салдары қалай жойылып жатқаны қызықтырды. 

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Вадим Басиннің мәлімдеуінше, қайта қалыпқа келтіру жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп жатыр және 10 желтоқсанға қарай технологиялық процесс тұрақтандырылады деп жоспарланып отыр. 

"Қазіргі таңда бірқатар газ құбырлары қалыпқа келтірілді. Зақымданған металл құрылыстарын орнату жүргізіліп жатыр. Ең басты және қыруар күшті талап ететін процесс – ол оттек пен азот жіберетін жоғары қысымды құбырларды қалыпқа келтіру. Мұнда осы уақытқа дейін 2000 метрден астам құбыр жөнделді. Қалыпқа келтіру жұмыстарын 10 желтоқсанға дейін аяқтап, конверторлық цехте өндірісті іске қосуды жоспарлап отырмыз", - деп мәлімдеді ол. 

Апаттың орын алуының алдын ала себептері әзірге айтылмай отыр. Арнайы комиссия жұмысын жалғастырды, себебі сараптама жүргізу үшін тағы да қосымша уақыт қажет. 

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатындағы апат 10 қарашада орын алды. Конверторлық цех пен әктасты күйдіру цехінің арасындағы құбыр қирап, газ құбыры жана бастады. Конверторлық цехтың құрылысы бұзылып, көпірлік кран құлады. 

11 қарашада Ерлан Қошанов комбинатта штаб отырысын өткізді. Жиналыста апат салдарын жою бойынша іс-әрекеттер алгоритмі анықталды. 

ТЖ себеп-салдарын тергеумен индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының жетекшілігімен ҚР инвестициялар және даму министрлігінің арнайы комиссиясы айналысуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу