Мұз қатуы салдарынан "АрселорМиттал Теміртау" АҚ құбыр желісі жарылып кетті. Бұл туралы осы кәсіпорынның баспасөз хатшысы Алексей Агуреев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"31 наурыз күні кешкілік ауа райының күрт өзгеруінен және мұз қатуы салдарынан жоғары қысымды құбыр желісінде қысым көтеріліп, құбыр желісінің жарылуына соқтырған. Сондай-ақ бұл құбыр қасындағы ауа тығыздалған құбыр желісіне тиіп кеткен",- деп жазды А.Агуреев Facebook-те.
Ол құбыр желісі жарыған аумақтың қауіпсіз екендігін және экологияға зиян келтірілмегенін атап өтті.
Қазіргі уақытта кейбір цехтардағы жұмыс қарқыны төмендеген. Мұнда қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ директорының міндетін атқарушы Вадим Басиннің басшылығында оқыс оқиғаның себеп-салдарын тексеретін комиссия құрылды.