"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатына жақын жатқан темір жол маңынан жұмысшы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұмның денесі 3 қаңтар күні таңертең сағат 8-дер шамасында табылған.
"Домна цехында жұмыс істеп жүрген, 1982 жылы туған жігіттің жансыз денесі табылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі жолдаған хабарламада.
Болған жағдайдың егжей-тегжейін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу