"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатының конвертер цехында қайғылы жағдай болып, жұмысшы ауыр құрылғының астында қалды, деп хабарлайды Today.kz.
Компанияның баспасөз қызметі бұл оқиғаның болғанын растады.
"Конвертер цехында дайындама-2 үзіліссіз шойын құю машинасында қайғылы жағдай болып, 45 жастағы компания қызметкері көз жұмды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Кәсіпорын ұжымы марқұмның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады", – деді "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының ресми өкілі Алексей Агуреев.
Марқұмның әріптестерінің сөзінше, ауыр құрылғыны автокран көтерген, бірақ ол үзіліп қалып, жерге түскен. Жерге түскен кезде жұмысшыны жарақаттаған. Қауіпсіздік техникасын кімнің бұзғаны анықталып жатыр.