23 сәуір күні түнде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қарасты №4 іріктеу-уату фабрикасы шатырының шифер жабындары құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Оқиғаның болғанын растаймын. Бірнеше шифер құлады. Бүлінген жердің аумағының қанша екендігін қазір нақты айта алмаймын", - деді АМТ баспасөз хатшысы Алексей Агуреев.
Оның түсіндіруінше, қазір оқиға орнында шатырдың құлау себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Ешкім зардап шеккен жоқ. Әзірге себептер анықталған жоқ", - деді баспасөз хатшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу