"ASAR" І республикалық үшжақты ынтымақтастық форумының қарары жарияланды, деп хабарлайды diakom.gov.kz.
ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі "ASAR" І республикалық үшжақты ынтымақтастық форумының қарарын жариялады.
Құжат қоғам арасында қоғамның өміріне ортақтастық, тілектестік және әлеуметтік жауапкершілік сияқты ортақ сезімдерін өзектендіру мақсатында әлеуметтік салаға бизнесті кеңінен тарту құралдары мен тетіктерін жетілдіру бойыншы ұсынысты қамтиды.
Қарарда үкіметтік емес ұйымдардың сарапшыларын жұмылдыру арқылы мемлекеттік қызметкерлердің, жастардың, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша жүйелі және кәсіби оқыту жұмыстарын ұйымдастыру туралы ұсыныстар жасалды.
Форум қатысушылары келесі форумды өткізу орны ретінде Алматы облысын таңдауды ұсынды.
Еске сала кетейік, мемлекет, ҮЕҰ және бизнес арасында тиімді ынтымақтастықты орнату мақсатында дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен, "Атамекен" ҰКП мен Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен Атырау қаласында 30-31 қазанда "ASAR" І республикалық үшжақты ынтымақтастық форумы өтті.