"Астана" "Реал" командасынан басым түсті

657

"Астана" "Реал" командасынан басым түсті

Португалия астанасында қысқамерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Астана" командасы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды prosports.kz.

Станимир Стоилов шәкірттері "Реал" командасына қарсы ойнады. Алайда бұл бәріміз білетін Мадридтік клуб емес, Лиссабонның Керуш ауданының командасы. Бұл ұжымды Зинедин Зидан емес, 41 жастағы  португалдық Алехандро Сантуш баптайды. Клуб сапынан Еуропа чемпионы, қазір Италияның "Лациода" өнер көрсететін португалиялық жұлдыз Нани шыққан.

Клуб құрамында Португалияның жоғары біріншілігінде ойнайтын командалармен келісімшарты бар ойыншылар өнер көрсетеді. Бұл ойыншылар "Реал" сапына ойын тәжірибесі үшін ауысқан.

Ал ойын туралы айтар болсақ, кездесу 4:2 есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, астаналықтар Еуропа Лигасы 1/16 финалы аясында өтетін "Спортингке" қарсы кездесуге дайындалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу