"Астана" – үшінші мәрте Қазақстан чемпионы

988

"Астана" – үшінші мәрте Қазақстан чемпионы

Елордалық "Астана" футболдан ұлттық біріншіліктің мәреге жетуіне бір тур қалғанда Қазақстан чемпионы атанды. Бұл туралы Көкшетауда жергілікті "Оқжетпеспен" өткен 25-турдың кейінге қалдырылған кездесуінен кейін белгілі болды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Матч 0:0 есебімен аяқталған болатын.  

33-ші минутта "Астана" пенальти соға алмады - елордалықтардың жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс алаң иелерінің қақпашысы Саша Стаменковичтен айласын асыра алмады. 83-ші минутта "Астана" гол да соққан болатын, бірақ Жуниор Кабананга ойыннан тыс қалғандықтан төрешілер голды есептемеді.

Ал алматылық "Қайрат" екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Соңғы тур алдында  "Астанадан" төрт ұпай артта қалған "Қайрат"  соңғы ойынды 29 қазанда, Алматыда орталық стадионда "Оқжетпеске" қарсы өткізеді. Су жаңа чемпион ол күні Павлодарда жергілікті "Ертіспен" ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу