"Астана" бас бапкерсіз қалды

644

"Астана" бас бапкерсіз қалды

Станимир Стойлов 1 қаңтардан бастап "Астана" командасының бас бапкері қызметін атқармайды, деп хабарлайды prosports.kz.

Болгарлық маман мен "Астана" клубы арасындағы үш жылдық келісімшарттың мерзімі 2017 жылдың 31 желтоқсан күні аяқталған болатын. Әзірге қос тараптың бір келісімге келгені туралы ақпарат жоқ.

Осыған дейін Стоиловтың командадан кететіні туралы көп айтылған еді. Тіпті болгариялық бапкердің өзі де бұны растап, Еуропа командаларынан ұсыныс күтіп жүргенін жасырмаған болатын. 

Алайда "Астана" клубының басшылары командаға ұшан-теңіз еңбегі сіңген бапкерді алып қалу үшін барын салған. Елордалық клубтың ұсынған жаңа келісімшарты бойынша болгарлық маман жылына 1,2 миллион жалақы алуы қажет болған. Мерзімі аяқталған келісімшарт бойынша Стойлов "Астана"  сапында айына 100 мың доллар алып отырған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу