"Астана" ФК Чемпиондар лигасы тобында 17 млн еуродан артық табыс тапты

825

"Астана" ФК Чемпиондар лигасы тобында 17 млн еуродан артық табыс тапты

УЕФА ресми қаржы есебін ұсынып отыр.

УЕФА 2015/2016 жылғы маусымның Чемпиондар лигасының ресми қаржылық есебін жариялады, деп хабарлайды vesti.kz.  Турнирде Қазақстан намысын топтық раундқа дейін барған "Астана" командасы қорғады. Топта Мадридтің "Атлетико", Португалияның "Бенфика" және түріктің "Галатасарай" секілді клубтарымен қатар төрт ұпайыға ие болып, төртінші орынға ие болды. Барлығы "Астана" 17,2 миллион еуро табыс тапты. Осы соманың  12 миллионы –  топтық раундқа шыққаны үшін бонус болса,  екі миллионы –  спорттық нәтижелері (әрбір тең ойын үшін 500 еуро), ал тағы 1 млн 292 мыңы маркетингтік құқықтарды сатудан түскен пайыздар болып табылады. Жалпы есептегенде 2015/2016 жылғы маусымдық Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне қатысқан 32 команда мен плей-офф  раундында ойыннан шыққан он клуб УЕФА-дан 1,345 миллиард еуро алды. Бұл алдыңғы маусымдағыдан 315 миллионға көп. Биыл "Астана" Чемпиондар лигасының үшінші раундына дейін жетіп, содан соң Еуропа лигасына ауысып, онда топтық раундқа шыққан еді. Қазіргі таңда клуб биылғы еуромаусымда 3 миллион 720 мың еуро тапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу