"Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы құрылды

960

"Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы құрылды

"Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) директорлар кеңесі жиынының аясында "Астана1 халықаралық қаржы орталығы биржасы" АҚ құру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

АХҚО биржасының стратегиялық серіктестері – Шанхай қор биржасы және NASDAQ қор биржасы. Шанхай қор биржасымен акционерлік келісімге қол қойылды. Ал NASDAQ қор биржасы техникалық платформамен қамтамасыз етпек. Екі биржа әлемнің ең ауқымды 5 биржасының қатарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу