Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының жетекшісі Марк Хортон "Астана" халықаралық қаржы орталығының дамуына қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
"Біздіңше, "Астана" халықаралық қаржы орталығының даму болашағы зор. Оны қаржы қызметі бойынша аймақтық xабқа айналдыруға болады. Бірақ оған уақыт қажет. Себебі қызметке сұраныс болуға тиіс. Әрине "Астана" халықаралық қаржы орталығы алдымен өзін мықты институт ретінде көрсете білуі керек. Көрсетіп қана қоймай, сондай институт болып қалыптасуы тиіс", - деді Марк Хортон.
Сарапшының айтуынша, Қазақстандағы банктерді тиімді басқару және жалпы қаржы жүйесінің ашықтығын көрсету керек.
"Астана" қаржы орталығында мықты құқықтық база жасақтау керек. Директорлар кеңесіне, бақылау кеңесіне xалықаралық сарапшыларды шақырды. Ол да дұрыс. Бірінші транзакциялар жазда өтуі әбден мүмкін. Қаржы министрлігі өз еуробондттарын теңгемен шығарады дейді. Оны да қаржы орталығы арқылы өткізеді. "Самұрық-Қазына" қорының компаниялары сатылымға шығарылады. Бәрі дұрыс. Бірақ асығыстық жасамау қажет. Себебі Дубай, Сингапур, Гонконг сияқты қаржы орталықтарын дамытуға екі-үш ай емес, 20 жыл кетті", - деп атап көрсетті Марк Хортон.