Египетте нысана көздеуден "Шейх Фатима Бинт Мубарак" халықаралық турнирі мәресіне жетіп, "Астана" мергендер клубының спортшылары үш күміс, бір қола еншіледі, prosports.kz.
Мысыр елінде өткен аталмыш турнирде шымкенттік Юрий Юрков мылтықпен атудан 10 метрлік қашықтықта екінші орынды еншілесе, алматылық Владимир Исаченко дәл осы қашықтықта тапаншамен атудан күміспен күптелді. Сондай-ақ, астаналық аруымыз Юлия Комендра тапаншамен атудан 25 метрлік қашықтықта қолаға қол жеткізді.
Сонымен қатар, тағы бір күмісті "Астана" қоржынына жасөспірімдер арасындағы жаттығуда шымкенттік Виолетта Старостина салды.
Айта кетейік, "Астана" мергендер клубы 2015 жылы құрылған. Мұнда спорттық атудан және стенд атудан еліміздің ең үздік мергендері жиналған.