Бүгін "Астана" командасының бапкерлер құрамы мен ойыншылары Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі аясындағы матчын өткізу үшін Кипрге аттанды, деп хабарлайды prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордалықтар онда жергілікті АПОЭЛ командасымен кездеседі.
Еске сала кетейік, "Астана" - АПОЭЛ (Кипр) арасындағы алғашқы матч 23 тамыз күні 23:00-де (Астана уақытымен) басталады. Ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу