Футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңінде "Астана" топтағы бесінші ойында "Вильярреалға" есе жіберді. Елордада өткен ойында испандық клуб 3:2 есебімен ұтып кетті, деп хабарлайды vesti.kz.
Елордалық команда еурокубок ойындарында өз алаңында 2014 жылдан бері ұтылмай келген еді. Нақтырақ айтсақ, 17 ойында қарсыластарына есе жібермеген. Бір қызығы, бұл рекорды сол жылы дәл осы "Вильярреалдан" ұтылғаннан кейін басталған еді.
"А" тобындағы соңғы ойында "Астана" Прагада "Славиямен" кездеседі. Қазіргі таңда "Вильярреалда" 11 ұпай, "Астанада" 7 ұпай бар. Бүгін түнде бұл топтағы "Маккаби Тель-Авив" пен "Славия" командалары арасындағы ойын өтеді. Израильдік командада – 1, чех ұжымында 5 ұпай бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу