"Астана" сапынан сегіз ойыншы Солтүстік Ирландияға аттанды

910

"Астана" сапынан сегіз ойыншы Солтүстік Ирландияға аттанды

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Солтүстік Ирландияда Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы ойындарын бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар Солтүстік Ирландия, Сербия және Польша құрамаларымен бір топта ойнайды.

"Астана" сапынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасына 8 ойыншы шақырту алды: қақпашы: Владислав Саенко, қорғаушылар: Жантөре Жұмаділов, Әлім Ілиясов, жартылай қорғаушылар: Жасұлан Қайыркенов, Руслан Махан, және шабуылшылар Мади Жақыпбаев және Лев Скворцов. 

Және жасөспірімдер құрамасына қорғаушы Әділжан Дүйсембаев та шақырту алған еді. Алайда, 17 жастағы астаналық жарақатына байланысты құрама сапына барған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу