"Астана" шабандоздары "Тур де Франс" веложарысында топ жарды

586

"Тур де Франс" веложарысы: Қазақстандық шабандоз жеңісін Денис Тенге арнады.

"Астана" шабандоздары "Тур де Франс" веложарысында топ жарды

"Астана" шабандоздары "Тур де Франс" веложарысында топ жарды, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір Франция төрінде әлемдегі ең айтулы веложарыс өтіп жатыр. Қазақстандық клуб мүшелері он төртінші және он бесінші кезеңдерде алдына жан салмай, мәрені бірінші болып кесті.

Алдымен Омар Фраиле 188 шақырымды сәтті бағындырып, өз жеңісін Денис Тенге арнайтынын мәлімдеген болатын. Одан кейінгі кезеңде даниялық легионер Магнус Кордтың жолы болды. Ол 181 шақырымнан тұратын таулы-қырлы аумақта өзіне тең келер ешкім жоқ екенін дәлелдеді.

Алда жарыстың әлі 6 кезеңі бар. Яғни биылғы байрақты бәсеке 29 шілдеге дейін жалғасады.

Айта кетейік, биылғы жарысқа әлемнің ең үздік деген 176 шабандозы қатысып жатыр. Олар 21 күннің ішінде 3300 шақырымды жүріп өтулері керек.

"Мен өзімнің және командамның көрсеткішін жақсартқаныма қуаныштымын. Әрине, оңай болған жоқ. "Астана" сапындағы тәжірибелі шабандоздардың арқасында ғана осындай биікті бағындыра алдым. Бұл – командалық жеңіс", - дейді "Астана" клубының мүшесі Магнус Корд.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу