"Астана" шабуылшысын америкалық клубқа бір миллион еуроға сатты

547

"Астана" шабуылшысын америкалық клубқа бір миллион еуроға сатты

Елордалық "Астана" клубының сербиялық шабуылшсы Джордже Деспотович карьерасын америкалық "Лос-Анджелес Гэлакси" командасында жалғастырады, деп хабарлайды vesti.kz.

Басылымның мәліметі бойынша, Деспотович өткен аптаның соңында "Гэлакси" клубымен екі жылдық келісімшарт жасап қойған. "Астана" болса бұл трансфер үшін бір миллион еуро алады. Бірақ әзірше не америкалық клуб, не қазақстандық клуб бұл ақпаратты ресми растаған жоқ. 
26 жастағы Деспотович "Астана" сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сондай-ақ ол Қазақстан біріншілігінде "Тобыл", "Қайрат" және "Жетісу" клубтарының намысын қорғаған.

Жалпы ол ел біріншілігінде 80 кездесуге қатысып, 25 гол соққан. Қазақстанға ауысарға дейін ол сербиялық "Црвена Звезда", "Спартак" және бельгиялық "Локерен" клубтары сапында ойнаған. 
"Гэлакси" клубының қазіргі уақытта ең танымал футболшысы – "Рома", "Челси", "Арсенал" және Англия құрамасының қорғаушысы Эщли Коул мексикалық қақпашы Джованни, жартылай қорғаушы Хонатан дос Сантос секілді футболшылар ойнайды. Ал бұған дейін Дэвид Бекхэм және Стивен Джеррард секілді футболшылар ойнаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу