"Астана" Станимир Стойловке жаңа ұсыныс жасады

682

"Астана" Станимир Стойловке жаңа ұсыныс жасады

Болгариялық бапкер Станимир Стойлов елордалық "Астана" клубынан жаңа ұсыныс алды. Бұл туралы "Тема Спорт" гагетінің жаңа нөміріне сілтеме жасап vesti.kz хабарлайды. 
Бұған дейін Стойлов "Астанадан" кететінін мәлімдеп, Еуропадан жаңа команда іздестіріп жатқанын айтқан еді. Қазіргі уақытта жағдай өзгеріпті. 
Газеттің жазуы бойынша, "Астана" Стойловқа жаңа ұсыныс жасапты. Алдағы уақытта болгариялық маман бұл ұсынысты қабыл алуы да мүмкін. Өйткені, жаңа ұсыныс бойынша оның бір жылдық жалақысы 1,2 миллион еуроға көтеріледі. 

50 жастағы маман "Астана" тізгінін 2014 жылы ұстаған болатын. Бірінші маусымда-ақ ол командамен Қазақстан чемпионы атанды. Кейіннен бұл атақты ол елордалық клубпен қатарынан үш рет жеңіп алды. 2015 жылы Стойловтың бастамасымен "Астана" қазақстандық клубтар арасында бірінші болып Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. 

2016 және 2017 жылдары "Астана" Стойловпен бірге Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Ал биыл елордалық клуб Қазақстан тарихында тұңғыш рет Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты. Енді бұл кезеңде оның қарсыласы португалиялық "Спортинг" болады. 
Айта кетейік, желтоқсан айында аяқталатын ескі келісімшарты бойынша Стойлов "Астана" сапында айына 100 мың доллар алады. Ал 2014 жылы ол айына 70 мың доллармен келісімшартқа қол қойған. 
Еске салайық, "Астана" биылғы маусымда еурододалардан 8 миллион 180 мың еуро табыс тапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу