"Астана арландары" "Қытай айдаһарларынан" басым түсті

584

"Астана арландары" "Қытай айдаһарларынан" басым түсті

"Астана арландары" боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясының топтық раундының қорытынды кезеңінде (WSB) "Қытай айдаһарларын" жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бокс кеші 22 сәуірде Саньеде өтті. Бес жекпе-жектің үшеуінде қазақ боксшылары басым түсті.

Шаршы алаңға бірінші болып 52 келіге дейінгі салмақта қытайлық Гуо Жан Әнуар Мұзапаровты жеңді – 3:0 (49:46, 46, 49:46).

Ал екінші кездесуде Закир Сафиуллин (60 кг) Сен Ванды жеңіп (49:46, 49:46, 47:48), есепті теңестірді.

69 келіге дейінгі салмақта Ричабилиге Хуричабилиг Асланбек Шымбергеновті 3:0 (49:48, 49:48, 49:48) есебімен жеңіп, командасын алға шығарды.

Осыдан кейін Арман Рысбек (81 кг) Лид Ванды нокаутқа түсіріп, есепті теңестірді.

Соңғы шешуші жекпе-жекте ауыр салмақта Олжас Бұқаев төртінші раундта Жибао Ванды техникалық нокаутпен тізе бүктірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу