"Астана арландары" Бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымын жеңіспен бастады. Мәскеуде Ресейдің "Патриот боксин тим" командасымен күш сынасқан жігіттеріміз 3-те 2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды 24Хабар.
Арландар сапында өнер көрсеткен Ілияс Сүлейменов, Әбілхан Аманқұлов Антон Пинчук жеңіске жетсе, Теміртас Жүсіпов пен Ділмұрат Мижитов қарсыласына есе жіберіп алды. "Астана арландары" келесі кездесуін 18 ақпан күні Талдықорғанда "Узбек Тайгерс" клубына қарсы өткізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу