"Астана арландары" ширек финалда ресей құрамасымен кездеседі

598

"Астана арландары" ширек финалда ресей құрамасымен кездеседі

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) сынға түсіп жатқан "Астана арландарының" ширек финалдағы қарсыластары белгілі болды.

Жобаның жетінші маусымындағы ширек финалда елордалық команда "Ресей патриоттары" командасымен кездеседі. Бірінші жекпе-жек 11 мамыр күні Кемерова қаласында, екінші кездесу 20 мамыр күні Алматыдағы "Алматы – Арена" спорт кешенінде өтеді.

Еске салайық, биылғы маусымның топтық кезеңінде "Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" командалары кездескен болатын. Мәскеуде өткен бірінші кездесуде "арландар" 3:2 есебімен жеңіске жетсе, Тараз төрінде өткен кездесуде 4:1 есебімен үстем түскен болатын.

Биылғы маусымның ширек финалында "Өзек жолбарыстары" "Куба қабыландарымен" кездессе, "Франс Файтинг Рустерс" пен "Бритиш Лайнхартс" және "Италия Тандер" мен "Колумбия Хероикос" жұптары кездеседі.

"Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" командасы арасындағы жеңімпаз жартылай финалда "Италия Тандер" – "Колумбия Хероикос" жұбының жеңімпазымен жолығады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу