"Астана арландары" Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы атанды. Финалда "Куба қабыландарымен" шаршы алаңға шыққан Қазақстандық команда тартысты өткен жекпе-жекте 6:5 есебімен жеңіске жетті.
Алдымен жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов пен 52 келідегі Олжас Сәттібаев ұпай санымен жеңіске жеткен болатын. Алайда, Куба қабыландары қатарынан бес жекпе-жекте басымдық танытты. Ауыр салмақтағы Антон Пинчук Эрисланди Савоннан ұтылып қалса, 64 келідегі Ділмұрат Мижитов Энди Крузға жол берді.
75 келі салмақтағы Әбілхан Аманқұл Олимпиада чемпионы Арлен Лопеске есе жіберді. 81 келідегі Арман Рысбек тағы бір Олимпиада чемпионы Хулио Ла Крустың осал тұсын таба алмады. Сосын 52 келіде Олжас Сәттібаев Йосвани Вейтиадан жеңіліп қалды. Артынша аса ауыр салмақтағы Олжас Боқаев пен 60 келідегі Закир Сафиуллин кубалық қарсыластарын соққының астына алып, арадағы есеп айырмасын қысқартты.